Қылмыстық іс медиация тәртібінде аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ырғыз аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) айыпталған Е. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша 2017 жылғы маусым айының бас жағында, Е. алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену мақсатында, азаматша  С. сеніміне кіріп, «мамандандыру курсына тіркеймін» деп алдап, оның 35 000 теңгесін иемденіп, жәбірленуші С. 35 000 теңге мөлшерде материалдық залал келтiрген.

Кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен жасалған медиативтік келісімге сәйкес, Е. жәбірленуші С. медиация тәртібінде татуласқан, оның сотталушыға қояр талап тілегі жоқ, қылмыстық әрекеттен келтірілген залалдың орнын толтырған, яғни алған ақшасын иесіне қайтарған, қылмыстық істі қысқарту туралы тараптардың өтініштері жазбаша арызбен және медиативтік келісіммен ресімделген.

Аталған келісім Қазақстан Республикасы заңнамаларына қайшы келмейтіндіктен және үшінші тұлғалардың құқтарын бұзбайтындықтан, оны сот қабылдап, бекітті.

Сот қаулысымен Е. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігінің негізінде, жәбірленуші С. медиация тәртiбiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі