Сот жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «А» ММ-нің дара кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және  тұрақсыздықты өндіру туралы  талап арызын қарады.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылғы 23 мамырда тараптар арасында №22 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған, оның шарттарына сай жауапкер зиянсыз қалдықтарды шығару қызметін орындауға міндеттенген. Алайда, жауапкер осы күнге дейін шартта көзделген міндеттемені орындамаған.

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабы 4-тармағы 3- тармақшасына  сай, жауапкердің мемлекеттік сатып алу шарты бойынша өз міндеттерін орындамағанын ескеріп, сот талап қоюшының жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талабын қанағаттандырды.

Сонымен қатар, сот талап қоюшының 6434 теңге көлемінде (тұрақсыздықты өндіру туралы талабын қанағаттандыруға жатады деп есептейді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі