«Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары» тақырыбында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық сотының судьясы С.Т.Жумашкина «Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары» тақырыбында брифинг өткізді.

Іс-шара барысында алиментердің түсініктемесі және оны төлеудің тәртіптері туралы  ақпарат берді. С.Т.Жумашкина кәмелетке толмаған балаларды асырап бағуға арналған алиментерді, білім беру жүйесінде оқып жатқан 21 жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларына алимент төлеу тәртібі, қосымша қаражат өндіру жағдайлары, отбасының басқа мүшелерінен алимент өндіруге құқығы бар тұлғалар туралы, сонымен қатар күтіп бағу жөніндегі міндеттен босату бойынша толық мәлімет берді.

 Брифинг соңында С.Т.Жумашкина қала тұрғындарының сауалдарына жауап берді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі