Бітімгершілікпен аяқталған дау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотымен талап қоюшы К.-ның жауапкер «К». КМК.-нен  09.01.2017 жылғы және 24.07.2017 жылғы бұйрықтарын заңсыз деп тану және бұзу, еңбек ақы өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы сотқа берген талап арызында жауапкер «К». КМК.-нен  09.01.2017 жылғы және 24.07.2017 жылғы бұйрықтарын заңсыз деп танып,  бұзуды және еңбек ақысын өндіруді сұраған, алайда істі сотта қарауға әзірлеу кезінде, тараптар бітімгершілік келісімге келіп, соттың келісімді бекітуін  сұраған өтініштері түсті.

Судья келісімді бекітіп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі