Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат М. 2017 жылғы 28 тамызда шамамен 20 сағат 00 минутта, Ақтөбе қаласы, темір жол вокзалының аялдамасында, яғни қоғамдық орында балағат сөздер айтып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзып, азаматтардың тыныштығын бұзған, сөйтіп ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 бабының 1 бөлімінде (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзу) көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Соттың қаулысымен азамат  Б. кінәлі деп  танылып, 1 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі