Оқиға орнын тастап кеткені үшін жауапталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат  К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол 2017 жылдың 2 шілдесі күні сағат  01-40 шамасында, Уалиханов көшесі теміржол вокзалы тұрағында, «Mitsubishi Montero Sport» автокөлігін басқарып келе жатып, ҚР Жол қозғалысы ережелерінің 2.1.8 тармағының талабын бұзып, өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалған, сөйтіп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 611 бабының 2 бөлімінде (жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Азамат К.  сот қаулысымен кінәлі деп танылып, 1 жылға көлік құралдарын басқару құқынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі