Архив событий

10/03/2015

Талап арыз қанағаттандырылды

10/03/2015

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мұғалжар аудандық тұтынушылардың құқытарын қорғау басқармасы» ММ-нің «Қандыағаш қалалық №5 орта мектебі» ММ-нің қызметін тоқтату туралы азаматтық іс қаралды

Шалқар аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

10/03/2015

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша хаттамаларды және істің басқа да материалдарын әзірлеудегі негізгі тұстарын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Шалқар аудандық соттың төрағасы О.Бақтыгереев, судьялар А.Маханбетов, С.Дәріқұлова, кеңсе меңгерушісі Т.Қошаева, Шалқар аудандық ішкі істер бөлім бастығының орыбасары Б.Картеменов, учаскелік инспекторлар мен жол-патрульдік полициясының қызметкерлері қатысты.

Мектептегі профилактикалық жұмыс

10/03/2015

Ойыл аудандық сотының бас маманы С.Шаймақовамен Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебінде 9-11 класс оқушыларымен кездесу өткізілді.
Бас маман С.Шаймақова «Нашақорлықтың алдын алу, оған қарсы күрес және есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік» тақырыбында дәріс оқыды.

Қобда аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

10/03/2015

Қобда аудандық сотында «Жемқорлыққа қарсы іс шараларды, оның ішінде Нұр Отан партиясы Саяси кеңесінің қаулысымен 2014 жылдың 11 қарашада бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасында көзделген іс шараларды іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сот прокурордың талабын толық қанағаттандырды

10/03/2015

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында Мұғалжар ауданы прокурорының азамат Б-дан сот шығынын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды. Істің мән-жайына келсек, азамат Б-ға 2014 жылдың 13 қыркүйегінде Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 152-бабының 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс жәбірленушімен татуласуына байланысты Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 67-бабының 1-бөлігі негізінде өндірістен қысқартылған. Жәбірленушінің алған жарақаты бойынша тегін медициналық көмегі үшін кеткен 5408 теңге сот шығынын азамат Б. өз еркімен өтемеген.

Жаңа заңға сәйкестендірілді

10/03/2015

Мұғалжар аудандық сотында азамат Д. деген азаматқа қатысты үкімді қылмыстық атқару инспекциясының жаңа Қазақстан Республикасы ҚК-не сәйкестендіру туралы ұсынысы қаралды. Істің мән-жайына сәйкес, Мұғалжар аудандық сотының 2013 жылдың 13 ақпанында үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 178-бабының 2-бөлігінің «а»-тармағымен азамат Д. түпкілікті 5 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталған. Оның іс-әрекетінде бұрынғы редакциядағы Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 13-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстың қайталануы танылған.

Шалқар аудандық соты 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өткізді

10/03/2015

Бүгін Шалқар аудандық сотының төрағасы О.Бақтыгерееев 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өткізді.
Іс-шараға судьялар мен сот мамандары қатысты.
Сот төрағасы О.Бақтыгереев құттықтау сөз сөйлеп, қыздар қауымын сот жүйесіндегі дамытуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
Кездесу барысында судья А.Маханбетов пен бас маман Б.Елеусенова мерекелік шараға қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.
Салтанатты жиын сыйлықтарды табыс етумен аяқталды.

Қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды

10/03/2015

Ақтөбе қаласының №2 сотының өндірісінде Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлімімен  азамат И. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына қарағанда, 2014 жылдың  10 ақпанында шамамен сағат 19-00-де, азамат И., Ақтөбе қаласы Мебельня көшесінде орналасқан №6 үйдің ауласында, бөтенннің мүлкін ұрлау мақсатында, басқа адамдардың көрмей тұрғанын пайдаланып, «Ауди 80» маркалы автокөліктің ішінен  азамат С. иелігіндегі «Нокиа 6303» маркалы 6000 теңге тұратын ұялы телефонын «Актив» симкартасымен ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалаған.