Талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мұғалжар аудандық тұтынушылардың құқытарын қорғау басқармасы» ММ-нің «Қандыағаш қалалық №5 орта мектебі» ММ-нің қызметін тоқтату туралы азаматтық іс қаралды

«Мұғалжар аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» ММ-сі сотқа талап арыз беріп, онда 2014 жылдың 9 желтоқсанында тексеру актісіне сәйкес, «Қандыағаш қалалық №5 орта мектебі» ММ-нің метеорологиялық факторларды зерттеу хаттамасы негізінде 10 ауа сынамасы алынғандығын, 4 оң нәтиже анықталғандығын дәліз 3 қабат -13,6 С, физика кабинеті -16.6С, тарих кабинеті 13,1С, және спорт зал-12,4С. Бұл, Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысымен бектілген №1684 «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» СҚ 5 бөлімі 164 тармағы және 5 тармақащасының бұзылуы болатындығын көрсетіп, қызметін кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтатуын сұраған.

Талапкер өкілі талапты қуаттап, қанағаттандруды сұрады. Жауапкер өкілі талапты мойындап, көрсетілген кемшіліктер орын алғандығын, оларды жою әрекеттер жасағандарын, қәзіргі уақытта толық жойғандарын айтып көрсетті.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қандыағаш қаласындағы орналасқан «Қандыағаш қалалық №5 орта мектебі» ММ –нің ғимаратында физика кабинеті, тарих кабинеті, және спорт залдың қызметі уақытша үш айға дейінгі мерзімге тоқтату туралы шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі