Архив событий

05/03/2015

Ақтөбе облысының судьялары сот жүйесінің ардагерлерін көктем мерекесімен құттықтады

05/03/2015

Бүгін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Дәмеш Әбдалі мен ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Гүлзия Мақсатқызы сот жүйесінің Раиса Бекқызы Курмангалиеваны құттықтап, гүлшоқтар мен естелік сыйлық табыстады.

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында семинар сабағы өткізілді

05/03/2015

Мұрағат – мұрағаттық құжаттардың жиынтығы, сонымен қатар, пайдаланушылардың  мүддесі үшін құжаттарды қабылдап, сақтауды жүзеге асыратын мекеме немесе мекеме, ұйым және кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі.

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот мұрағатының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында сот мамандарымен семинар сабағы өткізілді.

Шалқар аудандық соты көшпелі Ашық есік күнін өткізді

05/03/2015

Бүгін Шалқар аудандық соты Шалқар қалалық әкімдік ғимаратында  халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында  көшпелі түрде Ашық есік күнін  өткізді.

Кездесуді Шалқар аудандық сотының төрағасы О.Ә.Бақтыгереев жүргізді. «Ашық есік» күнінде келушілер өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтар қойып, оған тиісті жауаптар берілді.  Келушілер өз тарапынан ризашылықтарын білдірді.

Ашық есік күнін көшпелі түрде өткізудегі мақсат-жұртшылықтың сотқа қолжетімділігін қамтамасыз ету болды.

Қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды

05/03/2015

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен  азамат Қ  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы азамат Қ.  2015 жылдың 11 ақпанында өзінің танысымен бірге жәбірленуші азамат Б-ға барып, онымен бірге арақ ішіп және  ұйықтап қалғанын пайдаланып, стол үстінде тұрған  соңғының заттарын ұрлап алып, жәбірленушіге жалпы құны 26 600 теңгеге мүліктік залал келтірген.

Сот отырысында жәбірленуші сотталушыға кешірім беріп, татуласқандарын айтып, қылмыстық істі қысқартуды сұраған.

Ашық түрде бөтен мүлкін ұрлап алу

05/03/2015

Әйтеке би  аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен азамат К-ға. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарына сай, 2015 жылдың 18 қаңтарында, Әйтеке би ауданы Қарабұтақ селосында азамат К. арақ ішкен мас күйінде  азамат С-да ақша барын алдын-ала нақты біліп және оған күш көрсетіп ақшасын ашық түрде тонап алу мақсатында, оның өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану қатерін төндіріп, жәбірленуші азамат С-ның қалтасынан 10 000 теңге ақшасын ашық түрде тонап ұрлап алған.

Көлік жүргізу құқығынан айырылды

05/03/2015

Шалқар аудандық сотында  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабының 1-бөлігімен М.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес, 2015 жылдың 27 ақпанында сағат 17.35 шамасымен,  Шалқар қаласының тұрғыны азамат М. есімді азамат  Ерназаров көшесі бойында өзінің жеке автокөлігін алкогольдік масаю күйінде басқарып келе жатқанда жол полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Құқық бұзушы сот отырысында кінәсін толығымен мойындады.