Архив событий

13/03/2015

Билік өкіліне бағынбаған

13/03/2015

Ырғыз аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 379-бабы 1-блігімен айыпталған азамат О. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ақтөбе қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

13/03/2015

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Жаңа қылмыстық, қылмыстық-процестік кодекстеріндегі  жаңашылдықтар»  және «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» туралы  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасы, судьялар, Ақтөбе облыстық сотының судьясы Ш.А.Әлнияз, қала прокуроры, қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасарлары, қорғаушы қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысына судьялар Е.С.Бақытжан, З.Г.Шмирова, А.С.Адилова дөңгелек үстел тақырыптарына сай баяндама оқыды.

Мұғалжар аудандық №2 сотында семинар өтті

13/03/2015

Мұғалжар аудандық №2 сотында «Сот ғимаратына өткізу тәртібі туралы» атты тақырыпта семинар өтті.

Семинарға сот төрағасы А.Сабыров, кеңсе меңгерушісі А.Кушкенбаева, сот аға сот жасаулы және «Күзет» қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында сот төрағасы А.Сабыров сот ғимаратына өткізу тәртібін күшейту керектігін түсіндіріп және күзет қызметкерлерімен сот приставіна сот ғимаратына келушілерді мұқият тексеру қажеттілігі ескертілді.

Байғанин аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

13/03/2015

2015 жылғы 12 наурызда Байғанин аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесін кеңінен қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Байғанин аудандық сотының ұжымы қатысты. Дөңгелек үстелді ашқан сот төрағасы Ж.Б.Қуанышев «Сот кабинеті» арқылы жүргізілетін жұмыстардың аясын барынша кеңейте түсу қажеттігін; электронды талап арыздармен жұмыс жүргізуді көбейту, сотқа қатысушыларды электронды хабарламамен хабарландыру; сот төрелігін сапалы жүзеге асыру туралы айтты. Дөңгелек үстелге қатысушылар осы тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Алқабилер мүшесі

13/03/2015

2015 жылдың 25 наурызында Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы И.Исмаилова Қазақ- Орыс Халықаралық университетінің Құқықтану мамандығының 1-курс студенттеріне «Алқабилер туралы» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында студенттер өз сұрақтарын қойып, белсенділік танытты. Сондай-ақ, сотта өндірістік тәжірибеден өтуге және ашық сот отырыстарын көруге өтініштерін білдіріп, дәріс соңында ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Соттың есігі халыққа әрдайым ашық

13/03/2015

Соттарда өткізілетін «Ашық есік күндері» жұртшылыққа құқықтық көмек көрсету, олардың құқықтық мәдениетін көтеру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Осынау игі шараның аясында Ойыл аудандық сотында  «Ашық есік күні» өткізілді. Азаматтарды сот төрағасы  Нұрлан Бақтығалиев қабылдады.

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің қолданылуы жөніндегі дөңгелек үстел ұйымдастырылды

13/03/2015

 Бүгін Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің нормаларын дұрыс қолдануын талқылауға арналған «дөңгелек үстел» өтті.

Бұл жиынға Мұғалжар аудандық прокуратурасы, Ембі қалалық полиция бөлімі, Жем желелік полиция бөлімінің инспекторлары қатысты.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.Сабыров жаңа заңдардың негізгі қағидаттары мен оларды қолданудағы өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

Шалқар аудандық соты көшпелі Ашық есік күнін өткізді

13/03/2015

Шалқар аудандық соты Шалқар қалалық әкімдік ғимаратында  халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында  көшпелі түрде Ашық есік күнін  өткізілді.

Кездесуді Шалқар аудандық сотының төрағасы О.Ә.Бақтыгереев жүргізді.  Ашық есік күнінде келушілер өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтар қойып, оған заңнамаға сәйкес тиісті жауаптар берілді.  Келушілер өз тарапынан ризашылықтарын білдірді.

Ашық есік күнін көшпелі түрде өткізудегі мақсат-жұртшылықтың сотқа қолжетімділігін қамтамасыз ету болды.