Архив событий

04/03/2015

Есірткі затты өткізу мақсатынсыз сақтаған

04/03/2015

Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен азамат Е-ге қатысты қылмыстық теріс қылық туралы  іс қаралды.

Іс бойынша 2015 жылдың 13 ақпанында Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы Сейфуллин көшесінің бойында азамат Е. «Daewoo NEXIA» маркалы автокөлігін жүргізу кезінде, 1.64 грамм есірткі затты – кептірілген марихуананы заңсыз иемденіп, күртесінің сыртқы сыртқы сол қалтасында өткізу мақсатынсыз, заңсыз сақтаған.

Ырғыз аудандық сотының ұжымы мереке қарсаңында көп балалы ананы құттықтады

04/03/2015

Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Елімізде мемлекет тарапынан Ана мен баланы қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, назар аударуда.                                                                          

Ырғыз аудандық сотының ұжымы көктемнің айтулы мерекесі Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, 9 бала тәрбиелеп өсірген «Алтын алқа» иегері, жесір ана Айгүл  Нұртазинаны  құттықтады.                                       

Үй иесіне материалдық шығын келтірген

04/03/2015

Ырғыз аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігімен азамат Ж. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша азамат Ж. 2015 жылдың 2 наурызында «Ваз 21099» маркалы автокөлігін басқарып,шамамен 03-00 сағатта  Ырғыз ауылы Жүргенов көшесіндегі үйдің қақпасына соғып, үй иесі азамат М. материалдық шығын келтіріп, жол көлік оқиғасын жасаған.

Сөйтіп азамат Ж. Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережесінің 10.1-тармағын бұзып, ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Ойыл аудандық соты көшпелі семинар сабағын өткізді

04/03/2015

Ойыл аудандық сотының бас маманы сот мәжілісінің хатшысы К.Алипова Ж.Жусибалиев атындағы қазақ орта мектебінде 10-11 сынып оқушылары арасында жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында семинарлық кеңес өткізіп лекция оқыды.

Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы

04/03/2015

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне Қазақстан Республикасының ҚК-нің 96-бабы 1-бөлімі, 96-бабы 2-бөлігінің «н» тармағымен және 103-бабы 2-бөлігінің «к»тармағымен (ҚР ҚК-нің 16 шілде 1997 жылғы редакциясына сәйкес) айыпталған азамат Ж-ға қатысты қылмыстық іс түсті.

Қарғалы аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

04/03/2015

Қарғалы аудандық сотында «Мімлекеттік тілді қолдану және дамыту» тақырыбында дөнгелек үстел өтізілді.

Дөнгелек үстелге Қарғалы аудандық сотының төрағасы Р.Ж.Мырзақұл, судья Қ.Т.Әбдіхалыков, кеңсе меңгерушісі Р.К.Жонисова, бас маман – сот мәжілісінің хатшысы С.Р.Мусабекова, Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Айжарықов,  Қарғалы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Б.Е.Исмагулов, Қарғалы ауданы бойынша әділет басқармасының басшысы А.Мұхамбеталин, Қарғалы  аудандық  прокурордың көмекшісі  М.Ж.Суюнгарин  қатысты.