Архив событий

06/03/2015

Көктем мерекесімен құттықтау

06/03/2015

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында үлкен құрметпен көңіл бөлу облыстық соттың жыл сайынғы дәстүріне айналып отыр. 

Бүгін облыстық сотта мереке қарсаңында Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов салтанатты түрде адамзат жаратылысының ең тамашасы нәзік жандарды 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап: «Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Көлікті басқаруға құқығы болмаған

06/03/2015

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлімімен азамат Т. қатысты әкімшілік іс қаралды.

8 наурыз – Халыққаралық әйелдер күнімен құттықтау

06/03/2015

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған жиын өтті. Жиында сот төрағасы И.Р.Ерназаров ұжымда қызмет атқаратын қыздар қауымын жайма шуақты көктемнің алғашқы мерекесімен  құттықтап, олардың деніне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тіледі. 

И.Р. Ерназаров, сот жүйесінің өркендеуіне сіңірген еңбектеріне ризалығын білдіре отырып, жетістіктерімен көзге түскен қызметкерлер - судья С.У.Абишеваға, бас мамандар Г.Р.Атенова мен А.А.Аманжоловаға алғыс хат табыс етті.

Мәртөк аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

06/03/2015

Мәртөк аудандық сотында сот мамандарының және «Күзет» қызметкерлердің арасында «Жергілікті соттар ғимаратындағы өткізу және ішкі объектілік тәртіп туралы» атты тақырыпқа семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағы жұмысына сот төрағасы, кеңсе меңгерушісі, сот жасауылы,  сот ғимаратындағы күзет қызметімен айналысатын тұрақты қызметкерлер қатысуыларымен өткізілді.

Темір аудандық сотының төрағасы жеке қабылдау өткізді

06/03/2015

Халықтың құқықтық сауатын арттыру мақсатында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, Темір аудандық сотының төрағасы А.Д.Қаржауовпен жеке қабылдау іс-шарасы өтті. 

Аталмыш іс шараға 5 аудан тұрғыны қатысып, азамат Ш.Кулимовпен ҚР ӘҚБтК-нің нормалары аясында сұрақтар қойылды. Сонымен қатар келуішілер барлық туындаған сұрақтарына жауап алып сот төрағасына алғысын білдірді.

Жол жүру қағидасын бұзған

06/03/2015

Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, азамат Ж. 2015 жылдың 30 қаңтарында сағат 10-30 шамасында, Ақтөбе-Астрахань тас жолымен «Лада 21902» автокөлігін басқарып келе жатып, тас жолдың 63 шақырымында, жол жүрісі қағидаларының 11.5 тармағының талаптарын сақтамай, қарама-қарсы бағыттағы көліктердің ағынын бөліп тұратын көлденең таңбаны ескермей, басып озуға тыйым салынғанына қарамастан, алдында жүріп келе жатқан көлік құралдарын қарсы жол жолағына шығып, басып озған.