Архив событий

02/03/2015

Қос ауызды мылтығын тіркемеген

02/03/2015

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен азамат Х. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, 2015 жылдың 4 қаңтарында Мұғалжар ауданы Саға ауылының жанындағы «Жаңажол-Кенкияқ» тас жолында, «ВАЗ-21213» маркалы көліктің ішінде, жолаушы азамат Х. өзімен бірге ішкі істер органында тіркелмеген, тегіс ұңғылы ИЖ-27 маркалы, 16 калибрлі қос ауызды аңшы мылтығын заңсыз иеленіп, сақтап, тасымалдаған. 

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында баспасөз мәслихаты өтті

02/03/2015

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында қоғамдық қызуғышылық туғызған істер туралы және аудандық соттың ағымдағы жылдың екі айында атқарылған жұмыс нәтижесі туралы баспасөз  мәслихаты өтті.

Іс-шараға  сот төрағасы А.Сабыров, Ембі және Жем қалалық әкіматтарының, Мұғалжар аудандық №2 әділет басқармасының, Ембі қаласының халыққа қызмет көрсету орталығының, оқу орындарының басқа мекемелер мен ұйымдардың  өкілдерінің қатысуларымен өткізілді.

Мас күінде жасалған қылмыс

02/03/2015

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-бөлімімен азамат М. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қоғамдық жерде ұсақ бұзақылық жасаған

02/03/2015

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен азамат С. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес, 2015 жылдың 15 қаңтарында жергілікті уақыт 13.30 шамасында, Мұғалжар ауданы «СТ» кен орнында орналасқан №1 өткізу бекетінің қасында, қоғамдық жерде, азамат Д.  былапыт сөйлеп, балағаттап, қоғамдық тәртіпті және тыныштықты бұзып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.