Архив событий

23/03/2015

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Ашық есік күні өткізілді

23/03/2015

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  болашақ заңгерлер үшін  «Ашық есік күні» өткізілді.

Кездесуді Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсе меңгерушісі А.Абылғазина өткізіп, студенттер өз тарапынан қызықтыратын сұрақтарды қойды.

Кейін экономикалық сотының ішіне экскурсия жасалды.

Аталған шара болашақ заңгерлердің құқық саласына деген қызығушылығын және алдағы уақытта өздері таңдаған мамандықтарының дұрыстығына сенімін нығайтады.