Архив событий

20/03/2015

Ақтөбе облысының судьялар қауымдастығы Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізді

20/03/2015

Бүгін Ақтөбе облысының судьялар қауымдастығы Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізді.

Шараға облыстық сот ұжымы, қалалық және мамандандырылған соттардың төрағалары қатысып, мерекеге арнайы облыстың сот жүйесінің ардагерлері шақырылған болатын.

Байғанин аудандық соты ардагерлерін Наурыз мерекесімен құттықтады

20/03/2015

Наурыз – бүкіл Шығыс халықтарына ортақ мереке. Қазақ халқы Наурызды ежелден құрметтеп, үлкен мән беріп тойлап келеді. Наурыз айының 21-нен 22-не қараған түні күн мен түн теңелетінін қаншама ғасырлар бұрын ғылым мен техника қазіргідей дамымаған заманның өзінде есептей білген. Бұл күнді қазақ «Ұлыстың ұлы күні», «Жаңа жылдың басы» деп түсінген.

Наурыз мейрам қарсаңында Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

20/03/2015

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында  «Қазақстан Республикасының Халықаралық құқықтық-нормативтік шарттарын бекіту, оның ішінде әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенция нормаларын  бекіту» туралы Заңы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Шара Ембі қаласының және Жем қаласының әкімшілігінің өкілдері, Мұғалжар  аудандық №2 Әділет басқармасының, Ембі қалалық ауруханасының, Ембі қалалық мектептер өкілдерінің қатысуларымен өтті.

Қобда аудандық соты орта мектебінің оқушыларымен көшпелі кездесу өткізді

20/03/2015

Қобда аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.К.Маденова  «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта  заңды өкілсіз болуы жауапкершілік» атты тақырыпқа Қобда аудандық орыс орта мектебінің оқушыларымен көшпелі кездесу өткізді.

Іс шара барысында кеңсе меңгерушісі кәмелетке толмағандардың  түнгі уақытта заңды өкілсіз  ойын –сауық  мекемелерінде болуы жауапкершілік туралы мәселелер бойынша сұрақтарға тоқтап өтті.

Сондай-ақ  осындай әрекет жасағаны үшін ата-аналарға қатысты әкімшілік жауапкершілік  көзделгені туралы атап өтті.

Байғанин аудандық сотында брифинг өтті

20/03/2015

        

«Әзәзіл суы» немесе «отты су» деп аталып кеткен спиртті ішімдіктер талай отбасының берекесін кетіріп қана қоймай, көшелер мен қоғамдық орындарда көптеген қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың жасалуының себепшісі болып жататыны статистикалық деректерден белгілі. 

Халық арасында «Арақ шыныға сыйғанмен, адамның ішіне сыймайды» деген сөз бар. Алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс көп пайдалану адамның өзінің жеке басының денсаулығы мен өміріне ғана зиянын тигізіп қоймайды, ол сонымен бірге отбасына да, өзін қоршаған ортаға да үлкен зиян келтіреді. 

Ырғыз аудандық сотында брифинг өтті

20/03/2015

Ырғыз аудандық сотында «Ырғыз» газетінің бас редакторы М.Мырзалиннің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте судьясы С.Махамбетов ағымдағы жылдың осы кезеңіне дейін ҚР жаңа ӘҚБТК-мен қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша ақпарат беріп, ол бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталып, өткен 2014 жылдың осы мерзімімен  салыстырғанда, үстіміздегі жылдың осы кезеңінде қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің саны артқанын айтты.