Архив событий

19/03/2015

Ақтөбе облыстық сотында «Қазақ Хандығының 550 жылдығына» арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

19/03/2015

Бүгін облыстық сотта Қазақ Хандығының 550 жылдығын тойлау қарсаңында ұйымдастырылған «Қасқа жолды Қасым хан» билігі кезеңіндегі мемлекеттік басқару, құқықтық жүйе» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Іс-шараға облыстық сот төрағасы Е.Айтжанов төрағалық етіп, оған облыстық сот ұжымы, қалалық және мамандандырылған соттардың төрағалары мен судьялары, философия ғылымдарының докторы, профессор Әлтай Тайжан, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Бір күнде сегіз құқық бұзушылық жасаған

19/03/2015

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлімі, 611-бабының 3-бөлімі бойынша азамат А-ға қатысты сегіз әкімшілік іс қаралды.

Кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткiзуi

19/03/2015

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 131-бабы бойынша азамат Я. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сай, 2015 жылдың 15 ақпанында азамат Я. Ақтөбе қаласы, Сатпаев көшесі бойындағы «Больница» аялдамасының маңында, 1998 жылы дүниеге келген кәмелетке толмаған Н.-ға, оның жасы кәмелетке толмағанын біле тұра, оған 2 шыны сыра ішімдігін бірге ішуін ұсынған. Медициналық қорытындысы сәйкес кәмелетке толмаған Н. орта дәрежедегі мас күйде болғаны анықталған.

Сот актісін орындамаған

19/03/2015

Қобда аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Істің мәні бойынша, 2014 жылдың 9 желтоқсанында Қобда аудандық сот шешімімен азамат М.-дан «КХБ» АҚ-ның  пайдасына 156 867 теңге өндірілген. 2015 жылдың 15 қаңтарындағы қаулысына сай қозғалған атқару өндірісі бойынша борышкер берешекті өтемеген.