Архив событий

26/03/2015

Шалқар аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

26/03/2015

Шалқар аудандық сотында  «Қазақстандағы гендерлік саясаттың дамуы туралы» тақырыбында  дөңгелек үстел  өтті.

Іс-шараға сот төрағасы О.Бақтыгереев, Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Боранбаева, Шалқар аудандық  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің АХАТ қызметінің жетекші маманы А.Ибрашева, құқық қорғау органдарының өкілдері, судьялар  мен мамандар  қатысты.

Сот төрағасы сөз сойлеп, соңғы жылдары әлемде гендерлік саясаттың дамуында Қазақстан өз ұстанымын іске асырып жатқанын атап көрсетті.

Байғанин аудандық сотында Еңбек заңнамасын қолдану барысындағы кейбір мәселелер тақырыпта семинар сабағы болып өтті

26/03/2015

Адам өміріндегі ең маңызды нәрсенің бірі – еңбек. Еңбексіз еш нәрсе де дамымайды, алға баспайды. Конституциямызға сәйкес құқықтық мемлекет құрып жатырған, қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында өмір сүріп жатырған біздің еліміз үшін еңбек заңнамасының орыны өте маңызды.

Еңбек – адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі.

Хромтау аудандық сотында семинар сабағы өтті

26/03/2015

 

2015 жылдың 26 наурызында Хромтау  аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.Ш.Таргеновамен «Қазақстан Республикасы сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінде» істерді автоматты түрде бөлу кезінде операторға арналған нұсқаулық» атты тақырыпқа семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағына сот төрағасы А.Мұқанов, судьялар мен кеңсе  мамандары қатысуыларымен өтті.

Оқу сабағының барысында  осы нұсқаулықты дұрыс қолдану туралы, істерді қолмен бөлу фактілерін болдырмау туралы сұрақтар талқыланды.

Материалдық шығын өтелген

26/03/2015

Хромтау аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен айыпталған азамат Қ. қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Қылмыстық іс ақтамайтын негіздерімен қысқартылды

26/03/2015

Мәртөк аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 187-бабының 2 бөліміне сай азамат И. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, сотталушы азамат И., 2015 жылдың 15 ақпанында Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Хазрет ауылы «Х» ЖШС-ң аймағында болып, ұрлық жасау ниетімен, ғимаратқа заңсыз кірген, онда тұрған ЮМЗ тракторының 300 литрлік аллюминий күбігін ұрлап кеткен, нәтижесінде жәбірленуші «Х» ЖШС-не 8000 теңгеге мүліктік залал келтірген, сонымен сотталушы азамат И. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 187-бабының 2-бөлімімен көзделген қылмыс жасаған.

Мұғалжар аудандық соты Ашық есік күнін өткізді

26/03/2015

Мұғалжар аудандық сотында  азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес кеңестер беру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Ашықтықты, жариялылықты және қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында аудандық сотта ай сайын «Ашық есік күні» өткізіліп отырады.

Іс-шара барысында сот төрағасы С.З.Тасымбетов Қ.Жубанов атындағы экономика және құқық институтының 4-курс студенті Қайратұлы Нұржанды қабылдап, мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу туралы және басқа да сұрақтарына жауаптар берді.

Байғанин аудандық сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері

26/03/2015

Сыбайлас жемқорлық бүкіл мемлекеттердің ең негізгі жауларының бірі. Халықаралық экономикалық форумның мәліметіне сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың кесірінен әлемдік экономика жыл сайын 2,6 трлн доллар көлемінде зиян шегеді. «Қазақстан – 2030» Даму стратегиясы бағдарламасында мемлекет дамуының 7 басым бағыттары көрсетілген. Онда ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің халыққа қызмет етуі, өте жинақы және ұтымды болуы тиіс.

Алкогольдік мас күйінде жасалған құқық бұзушылық

26/03/2015

Мәртөк аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөліміне сай әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс бойынша,  құқық бұзушы азамат Л. 2015 жылдың 9 наурызында Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылында Жамбыл және 312 атқыштар девизиясының қиылынсында алкогольдік мас күйінде маркасы «ВАЗ 21099» көлік құралын басқарған. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлімімен көзделген құқық бұзушылық жасаған. 

Азамат Л. кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасымен және  медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденді.

Сот мәжілісінде татуласқан

26/03/2015

Ақтөбе қаласының №2 сотында  Қазақстан Республикасының ҚК-нің  345-бабының 1 бөлімі бойынша азаматша Ж-ға қатысты  қылмыстық іс қаралды.