Архив событий

16/03/2015

Мұғалжар аудандық сотында брифинг өткізілді

16/03/2015

Мұғалжар аудандық сотында «Қылмыстық теріс қылық туралы  істердің қаралуы»  атты тақырыпта брифинг  өткізілді.

Шараға аудандық «Мұғалжар» саяси-қоғамдық газетінің өкілі М.Жумамбетова, судья Ж.М.Сейтжапаров қатысуыларымен өткізілді.

Брифинг барысында жаңа заң аясында қаралып жатқан қылмыстық теріс қылық туралы істердің қаралу тәртібі, қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін жауапкершілік туралы айтылды. Сонымен қатар, биыл қылмыстық теріс қылық жасаған 4 тұлғаға қатысты іс қаралып, жауапкершілікке тартылғандығы айтылды.

Жол көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған

16/03/2015

Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлімімен азамат А. қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс материалдарына сәйкес, азамат А. 2015 жылдың 18 ақпанында Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Шернияз көшесінде азамат А. жүргізуші ретінде «УАЗ-396253» маркалы көлік құралын басқарып келе жатып, жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын бұзып, мұзға тайып, көлік құралын игере алмай, жол жиегінде тұрған кәмелетке толмаған К. қағып кетіп, өзi қатысушысы болып табылатын жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған. Осылайша азамат А.

Аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша үкім жарияланды

16/03/2015

Ақтөбе қаласының №2 сотының өндірісінде Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 296-бабының 4-бөлімімен азаматша С. қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына қарағанда, 2014 жылдың 10 қырқүйегінде азаматша С. есірткі заттарды пайдалану күйінде ауыр қылмыс жасау мақсатымен заңсыз сақтау есірткі өнімдерін ірі мөлшерде, біле тұра заңсыз есірткі заттарын иемденіп, тасымалдап сақтаған. Өзінің жол сөмкесінің ішкі жағында есірткі затын заңсыз сақтап, пайдаланып, аса ірі көлемде жалпы салмағы 4060 грамм есірткі затын сақтаған.

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында брифинг өтті

16/03/2015

Соңғы уақытта, қала көшелерінің қиылыстарында сертификатталған  арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптары орналастырылып, жұмыс қосылуына байланысты әкімшілік сотына айыппұл төлеу қажеттігі туралы ұйғарымға шағымдану тәртібі туралы сұрақтар жиі түсетін болды.

Осыған байланысты Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Рика ТВ» телеканалы тілшілерінің қатысуымен брифинг өткізілді. Брифингте судья Е.Ж.Махметов ұйғарымға шағым беру туралы сұрақтарға толықтай жауап берді.

Мұғалжар аудандық сотында брифинг өткізілді

16/03/2015

Мұғалжар аудандық сотында «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде жүргені үшін ата-аналардың жауаптылығы»  атты тақырыпта брифинг өткізілді.

Шараға аудандық «Мұғалжар» саяси-қоғамдық газетінің өкілі М.Жумамбетова, кеңсе меңгерушісі С.А.Хамзина қатысты.

Мәртөк аудандық сотында Ашық есік күні өтті

16/03/2015

Мәртөк аудандық сотында сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын-алу мақсатында әр айдың  екінші сәрсенбі күні– «Ашық есік» күні деп белгіленген.

«Ашық есік» күні құқықтық мәселелі сұрақпен  Мәртөк ауданының  тұрғыны жүгінген. Аз.Н.Усенко бірлескен мүлік бөлу туралы тәртібі бойынша сұрақпен жүгінді. Оған азаматтық іс жүргізу және «Неке және отбасылық Заңы» бойынша талаптары түсіндірілді.

Сонымен қатар сот арқылы мүлік бөлу туралы тәртібі түсіндірілген.

Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасының 2010 жылдан2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат талқыланды

16/03/2015

«Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы» мемлекет үшін аса маңызды құжаттың бірі.

Құқықтық саясат тұжырымдамасы құқықтық мемлекетіміздің құқықтық саясатының негізгі бағыттарын одан әрі айқындады және сот жүйесінің негізгі қағидаларын бекітті.

Аса ауыр қылмыс

16/03/2015

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 96-бабы 2-бөлімі «з»-тармағы бойынша айыпталған азамат Б-ға қатысты және Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 363-бабы бойынша айыпталған азамат Ч-ға қатысты қылмыстық іс түсті.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, 2014 жылдың 28 қазанында азамат Б. әлеуметтік желі арқылы «Тойота Лэнд Крузер-200» маркалы жеке автокөліктің жүргізушісімен жалға берілетіндігі жайында жарнамасын көреді.

Заңсыз қару иемденген

16/03/2015

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлімімен азамат Г-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ашық есік күні өткізілді

16/03/2015

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «Ашық есік күні» өткізілді.

«Ашық есік күнінде»  азаматша  А.У.Капашова  азаматтық іс бойынша туындаған сұрақтарымен жүгінді.

Қойылған сұрақтарға судья Н.Б.Ормаханов ҚР азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес нақты жауап беріліп, түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.

Көлік құралын бүлінуіне жол берген

16/03/2015

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлімімен азамат азамат К. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, 2015 жылдың  26 ақпанында сағат 15-тер шамасында, Ембі қаласы Б.Момышұлы көшесінің қиылысындағы  үй қасында, «ВАЗ 21074» маркалы көлігін басқарып, қарсы бағытта келе жатқан аз.М-тың басқаруындағы «Лада» маркалы көлігіне соғып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерінің талаптарын сақтамай, көліктің бүлінуіне әкеп соқтырған.