Архив событий

11/03/2015

Әйтеке би аудандық сотында брифинг өтті

11/03/2015

Әйтеке би аудандық сотында «Жаңалық Жаршысы» аудандық газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен брифинг өтті.

Брифингтте аудандық соттың төрағасы А.Әбдіров,  кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты екі әкімшілік іс қаралғанын айтып, тілшіге кәмелетке толмағандардың жасаған құқық бұзушылығы үшін ата-анасы, яғни заңды өкілдері жауапты екендігін және ол үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғандығын атап өтті.

Жәбірленушімен татуласуына байланысты жауаптылықтан босатылды

11/03/2015

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Істің мән-жайына қарағанда, азамат А. 2015 жылдың 15 қаңтарында сағат 03.00 шамасында, Қандыағаш қаласы Жамбыл көшесі 21 үйде азаматша Б-ға себепсіз тиісіп, лас сөздермен балағаттап, ар-намысына тиіп, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ іс-әрекеттер жасап, жанұя тыныштығын бұзған. Сотта жәбірленуші азаматша Б. құқық бұзушымен өзара татуласып келісімге келгенін, сол себептен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қысқартуды сұрады.

Мас күйінде көлік құралын басқарған

11/03/2015

Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен азамат Т. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сай, 2015 жылдың 7 наурызында шамамен сағат 00:00-де Ақтөбе облысы Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Шернияз көшесі бойында азамат Т. жүргізуші ретінде «Жол жүрісі қағидаларының» 2-тарауы 4-бөлігі 2-тармағының талабын бұзып, «ВА3 – 21101» маркалы автокөлік құралын алкогольден мас күйінде басқарған. Осылайша азамат Т. әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Қоғамдық тәртіпті бұзған

11/03/2015

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, азамат А., 2015 жылдың 7 наурызында сағат 18.20 шамасында, арақ ішкен масаң күйінде, №377 «Алматы-Маңғышлақ» жолаушылар поезының 15 вагонында, қоғамдық орында өздігінен былапыт сөйлеп, жолаушылардың тыныштығын бұзып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген.

Сот, құқық бұзушылықтың сипатын, қоғамға қауіптілігін ескеріп, оған 19820 теңге айыппұл әкімшілік жазасы тағайындады.

Ауылдық округтегі Ашық есік күні

11/03/2015

2015 жылы 10 наурыз күні Қобда аудандық сотының төрағасы А.Т.Анарбаев Қобда ауданы Бестау ауылдық округіне барып «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.  

Іс шараға Бестау селолық округінің әкімі Г.Г. Жаманова, учаскелік инспекторы және ауыл тұрғындары қатысып, заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы  және шарттық міндеттемелерге қатысты сұрақтарын  қойды.

 Қойылған әр бір сұраққа сот төрағасы А.Т.Анарбаев тиісті заңдылыққа сай толыққанды жауаптар берді.