Мас күйінде көлік құралын басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен азамат Т. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сай, 2015 жылдың 7 наурызында шамамен сағат 00:00-де Ақтөбе облысы Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Шернияз көшесі бойында азамат Т. жүргізуші ретінде «Жол жүрісі қағидаларының» 2-тарауы 4-бөлігі 2-тармағының талабын бұзып, «ВА3 – 21101» маркалы автокөлік құралын алкогольден мас күйінде басқарған. Осылайша азамат Т. әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысымен азамат Т. әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі