Архив событий

17/03/2015

Ырғыз аудандық сотында брифинг өтті

17/03/2015

Ырғыз аудандық сотында «Ырғыз» газетінің тілшісі Т.Ақдаулетұлының қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг барысында судья С.Махамбетов ағымдағы жылдың осы кезеңіне дейін қаралған Қазақстан Республикасының ӘҚБТК-нің 442-бабына сәйкес, яғни кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын сауық мекемелерінде болуы туралы қаралған  істерге тоқталды.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай семинар сабағы өткізілді

17/03/2015

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қазақ хандығын қалыптастыру мен нығайтудағы Қазақ елінің құқығы және билер сотының төрелігі» тақырыбында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағына кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Д.Ә. Садықова және сот мамандарының қатысуыларымен өткізілді.

Алкоголь өнімдері ілеспе жүк құжаттарынсыз сатылған

17/03/2015

Ырғыз аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 282-бабы 3-бөлімі 7-тармағы бойынша қарастырылған азамат С. қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша, 2015 жылдың 3 наурызында Ақтөбе облыстық мемлекеттік кірістер саласындағы қызметкерлер тарапынан Қазақстан Республикасының Салық кодексінің және №2 нұсқаманың негізінде акциздік және есепке алу, бақылау, маркаларының болуы, төлнұсқалығы, алкоголь өніміне тағы басқа ілеспе жүк құжаттарының және лицензияның болуы мәселелері бойынша азамат С. жеке «Т» сауда дүкеніне тексеру жүргізілген.

Мұғалжар ауданының № 2 аудандық сотында Ашық есік күні өткізілді

17/03/2015

Мұғалжар ауданының № 2 аудандық сотында «Ашық есік»  күні өткізілді.

Ашық есік  күніне  3  жеке тұлға  Ембі қаласының тұрғындары Б.Сапуанова, Н.Скакова алимент бойынша бережақты өндіру туралы және азаматша А.Сарсенгалиева балаларын тәрбиелеу орнын анықтау туралы сұрақтарымен келді.

Барлық сұрақтар бойынша сот төрағасымен заң талабына сәйкес нақты жауап берілді.

Іс-шараның басты мақсаты, сот жүйесіне азаматтардың сенімін және құқықтық сауатын арттыру мақсатында бағытталған.

Қобда аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

17/03/2015

Қобда аудандық  сотында «Сот жұмысының тәртібін сақтау» туралы тақырыпқа семинар сабағы өткізілді.

Іс шарада сот төрағасы Ә.Т.Анарбаев, судья Ш.Е. Есжанова, сот қызметкерлері.

Кеңсе меңгерушісі А.К.Маденова соттардың кеңсе бөлмесіне бөгде адамдарды кіргізбеуді, компьютерлерді  арнайы пароль арқылы пайдалануды, локальдық жүйесі қосылған компьютерге бөгде адамға қол жеткізбеу туралы баяндама оқыды.

Байғанин аудандық сотында Балалар тәртібі басты назарда тақырыпта брифинг өтті

17/03/2015

Мемлекеттің болашағы жастардың қолында. Жастарды дұрыс жолға салып тәртіпті азамат қылып тәрбиелеу қоғамның алдындағы басты міндеттердің бірі.

Елімізде жасөспірімдер тәртібіне қатысты талап күшейтіліп заңдық база үнемі жаңартылуда.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 6-бөлімінде кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 9-тарауында кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы туралы көрсетілген.

Қылмыстық іс бойынша процестік келімге келді

17/03/2015

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында Қандыағаш қаласының тұрғыны азамат С-ге қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабының 2-бөлімінің 7-тармағы  негізінде қылмыстық іс келісілген процестік тәртібімен қаралды.

Іс бойынша азамат С., 2015 жылдың 23 қаңтарында, сағат 01.00 шамасында, Қандыағаш қаласы Есет батыр және Жамбыл көшелерінің арасындағы тұйықта, болмашы нәрсені сылтау қылып, жәбірленушінің қасына барып, оңашада, бұзақылық ниетпен, ауыр зиян келтіру мақсатында, қолындағы пышақпен оның жамбас және арқа тұсына ұрып-тығып, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген.

Азаматтық іс бойынша тараптар бітімгершілік келісімге келді

17/03/2015

Ақтөбе қалалық сотында талапкер азамат А-ның  жауапкер  азамат К-дан ақша өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысының барысында талапкер жауапкерге қолхат бойынша 300 000 теңге қарызға бергені аңықталған, бірақ бережақты өтеуі үшін жауапкер бірнеше рет ескертілгенімен ескертуі нәтижесіз қалған, сол себепті талапкер сотқа жүгінуге мәжбүр болған.