Архив событий

30/03/2015

Атыс қаруын пайдаланып бұзақылық жасаған

30/03/2015

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабының 3-бөлімінің  2-тармағымен, 287-бабының 3-бөлімімен  айыпталған азамат Т. пен азамат И.  қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Әйтеке би аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

30/03/2015

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотында «Әкімшілік Қодекстің кейбір ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға сот төрағасы А.Әбдіров, аудан прокурорының аға көмекшісі А.Тамабаев, Әйтекеби АІІБ өкілі Бегинбаев С., Әйтеке би ЖПБ-ның өкілі С.Е.Жетібаев, кеңсе меңгеруші Б.Сарсенбаева қатысуларымен өтті.

Іс-шараға қатысушылар туындаған сұрақтарды талқылап, өз пікірлерімен алмасты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты әкімшілік істерді қабылдау барысында кемшіліктерді болдырмауы туралы түсіндіру.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында брифинг өтті

30/03/2015

Бүгін Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің тыс тілшісі А.Қонақбаевтың  қатысуымен брифинг өтіп, судья Ж.Кунаевамен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 176-бабының 3-бөлігінің «б,г»-тармақтарымен «Достық» және «Жұлдыз» бала-бақшасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының бұрыңғы бухгалтері К.Баймагамбетоваға қатысты қылмыстық ісі бойынша түсініктеме берілді.        

Мүгедектер үйіндегі құқық бұзушылық

30/03/2015

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қарттар және мүгедектер үйінің 4 тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс материалдарында көрсетілгендей, қарттар және мүгедектер үйінің тұрғындары Б., Ч., Л., және Ж. 2015 жылдың 11 наурызында қоғамдық орында бола тұра балағат сөздер айтып,  жасаған ескертпелерге құлақ аспай, айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған, сөйтіп олар Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлімінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтірген

30/03/2015

Мәртөк аудандық сотында талапкер азамат К-нің мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Талап мәні бойынша арызданушы  азамат К.-нің туған әжесі 2014 жылдың 26 маусымында қайтыс болған. Мұра ретінде оған және азамат Х-ға  Мәртөк ауылындағы тұрғын үй және басқа мүлік тең үлесте қалдырылған. Заңда көрсетілген мерзімде, яғни 6 айдан кейін арызданушы мұраны қабылдамаған, себебі ол емдеуде болған, Мәртөк ауылына шыға алмаған, сондықтан мұраны қабылдау мерзімін өткізген.