Архив событий

12/03/2015

Транзиттік жол жүру қағидасын бұзған

12/03/2015

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен азамат С-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, азамат С. 2015 жылдың 11 наурызында №382 «УФА-Ташкент» жолаушылар поезының 11 вагонында, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын бұзған.

Сот, құқық бұзушылықтың сипатын, қоғамға қауіптілігін ескеріп, оған 5 тәулікке әкімшілік қамау әкімшілік жазасы тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған

12/03/2015

Жаңа қылмыстық кодекстің бұрынғысынан ерекшеліктерінің бірі – процестік келісім ұғымының енгізілуінде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабының талабына сәйкес, процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 68-бабында татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату туралы көрсетілген.

Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3)-тармағымен азамат Б.Е-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Хромтау аудандық сотымен дөңгелек үстел өткізілді

12/03/2015

2015 жылдың 11 наурызында Хромтау аудандық сотының төрағасы А.Мұқанов, кеңсе меңгерушісі А.Таргенова, Хромтау ауданы бойынша аға сот орындаушысы А.Болатпаев, Хромтау ауданы прокурорының көмекшісі А.Есетованың қатысуымен «2012-2014 жылдар аралығында атқаруға жолдаған сот актілерін орындамауы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот актілері мен әкімшілік істер бойынша қаулылары орындындалмағанды жөнінде сұрақтар талқыланды.

Байғанин аудандық сотында баспасөз мәслихаты өтті

12/03/2015

Байғанин аудандық сотында 2015 жылдың 12 наурызында сот жүйесінің имиджін көтеру, жариялылықты арттыру, заңнамаларды құқықтық насихаттау мақсатында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік Кодексіне сәйкес тергеу судьясының өкілеттіктері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихатына Байғанин аудандық «Жем-Сағыз» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Ұ.Қ.Қадір қатысып, өзекті тақырыптар бойынша сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтарға аудандық сот төрағасы Ж.Б.Қуанышев жауап берді.

Хромтау аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

12/03/2015

Хромтау аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Бұл шараға азаматша В. Каражанова А.Сейсенгалиеваға қатысты қылмыстық іс бойынша жәбірленуші жөнінде туындаған сұрақтарымен жүгінген.
Шараның қорытындысы бойынша В.Каражанованың қойған сұрақтарына толықтай жауаптар берілген.

Процестік келісімнің талаптарын орындаған сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылды

12/03/2015

Жаңа қылмыстық кодекстің ерекшеліктерінің бірі – процестік келісім ұғымының енгізілуінде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабының талабына сәйкес, процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Сонымен қатар Қазқстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 68-бабында татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату туралы көрсетілген. Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3- тармағымен азамат Б.Е-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Тіркеусіз кәсіпкерлек қызметпен айналысқан

12/03/2015

Ырғыз аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған Е. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс бойынша 2015 жылдың 18 ақпанында 20-30 сағатта азамат Е. арнайы рұқсат, лицензия мiндеттi болғанына қарамастан, дара кәсіпкер ретінде тіркелмей және алкоголь өнімін сатуға лицензия алмай, өзінің үйінен әр шынысының құны 250 теңгеден «Посольская» алкоголь өнімдерін ауыл тұрғындарына заңсыз сатып, негізсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

Сот материалдық шығынды өндіру туралы талапты қанағаттандырды

12/03/2015

Мұғалжар аудандық сотында талапкер С-тің жауапкер К-ға материалдық шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды. Істің мән-жайына келсек, 2014 жылдың 10 қарашасында сағат 06.40 шамасында Ақтөбе қаласының Атанияз көшесінде, жауапкер К. «Toyota Carina» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, жылдамдықты азайтуға шара қолданбай талапкерге тиесілі ірі қара малмен соқтығысып, малдың өліміне әкелген. Талапкер С. соттан материалдық шығын 200 000 теңге және сот шығындары 10 000 теңгені өндіруді сұрады. Сот үкімі азамат С-тің талабын толық қанағаттандырды.

МАСКҮНЕМДІККЕ САЛЫНУ – ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ ҚҰБЫЛЫС

12/03/2015

Көптеген құқық бұзушылықтар арақ ішкеннен кейін мастықтың әсерінен жасалып жататыны рас. Елімізде маскүнемдіктің алдын алу, оған жол бермеу мақсатында тиісті заң нормаларындағы жауапкершіліктер қатаңдатылғанымен оған да қарамастан салынып арақ ішіп маскүнемдік жолға түсушілер қатары азаяр емес. Соның бір мысалы, Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен азамат Б.А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Тараптар бітімгершілік келісімге келді

12/03/2015

Қобда аудандық сотында  2015 жылдың  10 наурызында  талапкер Н-ның жауапкер Т-ға берген қарыз ақшасын және төленген баж салығын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс  қаралды.

Жауапкер Т. талапкер Н-ның дүкенінен қарызға барлығы 7000 теңгеге  азық түлік алып осы күніге дейін бермегенін көрсетіп сотқа жүгінген.