Архив событий

18/03/2015

Темір аудандық соты оқушылармен мектеп гимназиясында көшпелі кездесу өткізді

18/03/2015

Темір аудандық сотының бастамасы негізінде Шұбарқұдық мектеп гимназиясында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық» тақырыбында оқушылармен кездесу өтті.

Іс-шараға судья А.И.Акмолдинаға, мектеп басшылығының қатысуымен өткізілді.

Іс-шара барысында мектеп оқушыларының  түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қыдыруы секілді мәселелер айтылды. Кездесуде оқушылар судья А.И.Акмолдинаға заңгерлік жұмыс туралы сұрақтар қойып, судья болу үшін қандай талаптар қойылатыны туралы сұрақтарына жауаптарын алды.

Алкоголь өнімдерін лицензиясыз сату

18/03/2015

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1- бөлімі бойынша азаматша А. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына келсек: 2015 жылдың 11 наурызында  жеке кәсіпкер А. Комсомол ауылында орналасқан дүкенінде жоспардан тыс тақырыптық тексеру кезінде, алкоголь өнімдерінің бөлшек саудасына арналған рұқсат, лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, кәсіпкерлік қызметпен айналысатындығы, яғни «Жигулевское» сырасы 16 шыны 120 теңгеден, жалпы құны 1920 теңгенің алкоголь өнімдерін сатқаны анықталды.

Полиция қызметкеріне күш қолданған

18/03/2015

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 380-бабының 1-бөлімі бойынша азамат А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, 2015 жылдың 23 қаңтарында  азамат А. Қандыағаш қаласының  Жеңіс даңғылы бойында алкогольдік мас күйінде келе жатып, билік өкілі -Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімінің жол патрульдік полиция бөлімшесі қызметкерінің қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу міндеттерін атқарып жүрген азамат Ж-нің денсаулығына қауiпті емес күш қолданып, қызметтік жакетін жыртып тастаған.  

Мұғалжар аудандық сотында брифинг өткізілді

18/03/2015

Бүгін, Мұғалжар аудандық сотында «Борышкердің атқарушылық құжатты орындамағаны үшін  жауаптылығы және оның салдары»  атты тақырыпта брифинг болып өтті.

Шараға аудандық «Мұғалжар» саяси-қоғамдық газетінің өкілі және судья А.Е.Мусина қатысты.

Брифинг барысында «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушысының мәртебесі туралы» Заңының 125 бабы негізінде борышкердің атқарушылық құжаттарды орындамағаны үшін жауаптылығы және оның салдары,  аудандық сотпен қаралған істердің саны  туралы айтылды.

Шара соңында судья А.Е.Мусина тілшіге алғысын білдірді.

Байғанин аудандық сотында «Жаңа қылмыстық-процестік заңнаманы қолдану барысындағы өзекті мәселелер» тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

18/03/2015

Қылмыстық-процестік заңнамаға енгізілген өзгерістердің бірі – процестік келісім ұғымы. Оның маңыздылығы – жаңашылдығында. Себебі, қылмыс жасаған адамдардың барлығы бірдей теріс жолға түскен, қаніпезер баскесерлер емес. Көп жағдайда, абайсызда немесе түрлі психологиялық қиындықтарға, басқа да түрлі мәселерге байланысты қылмыс жасап, кейін сонысына өкініп, тергеуге жәрдемдесіп, аса ауыр экстремистік, террористік немесе басқа да ұйымдасқан қылмыстарды ашуға көмектесетін адамдар қатары да аз емес. Процестік келісім арқылы еліміздің қылмыстық-процестік заңнамасына үлкен өзгерістер келіп жатыр.

Қасақана құқық бұзушылық

18/03/2015

Шалқар аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының 1-бөлімімен азамат Қ.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы  ісі қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес,  азамат Қ. бұрын  467-бабының 4-бөлімімен он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, алты жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, Шалқар қаласы, Карагулин көшесі бойында Опел Вектра маркалы, автокөлігін алкогольдық мас күйінде басқарған.