Архив событий

03/03/2015

Хромтау аудандық сотында семинар сабағы өтті

03/03/2015

Хромтау  аудандық сотында  «Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік тілдің рөлі» атты тақырыпқа семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағы жұмысына судья Е.Жеткерген, кеңсе меңгерушісі А.Таргенова , кеңсе  мамандар қатысты.Кеңсе жетекші маманы Н.Булесинова баяндама оқыды.

Оқу сабағында мемлекеттік тілде ресми құжаттарды дайындау кезінде әдеби тіл нормасы мен заң терминологиясының талаптарын сақтауға назар бөлініп, слайд көрсетілді, жиі қолданылатын сөздер бойынша мысалдар келтірілді.

Семинар сабағында барлық туындаған сұрақтар бойынша түсіндірме берілді.

Ата-ана жауаптылығы

03/03/2015

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында кәмелетке толмаған А-нің әкесі, Қандыағаш қаласының азаматы У-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі негізінде әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына келсек, 1998 жылы туған кәмелетке толмаған А.,  2015 жылдың 15 ақпанында сағат 23-20 шамасында, заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде Қандыағаш қаласы, «Жастық» ықшам ауданы, 7 үйдің маңында жүрген.

Сот, құқық бұзушылықтың сипатын, қоғамға қауіптілігін ескеріп, оған ескерту әкімшілік жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ойыл аудандық сотының төрағасы қоғамдық кеңес отырысына қатысты

03/03/2015

Ойыл аудандық сотының төрағасы Н.Бақтығалиев Ойыл аудан прокуроры жанындағы қоғамдық кеңес отырысына қатысты.

Кеңес жүмысына аудан мекемелерінінің, ардагерлер кеңесінің, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, Ойыл аудандық мемлекеттік сот орындаушысы қатысты. 

Мәжіліс тақырыбы «Ойыл ауданы бойынша кәмелетке толмаған балаларды асырап бағуға арналған алимент өндіру жөніндегі атқару құжаттарын орындау кезінде заңдылықтың сақталу жағдайы туралы».