Архив событий

27/03/2015

Сот мәжілісінде татуласқан

27/03/2015

Ақтөбе қаласының №2 сотының өндірісінде Қазақстан Республикасының ҚК-нің  24-бабының 3-бөлігімен, 18- бабының 2-бөлігінің «3»-тармағымен сотқа берілген  азамат К. д қатысты қылмыстық іс қаралды.

Құқық бұзушылықтың қайталануы

27/03/2015

Балалардың өздеріне тыйым салынған нәрселерге үйір болып келетіні белгілі. Міне осылайша олар түнде қыдыруға, көшеге шығуға әуестенеді. Соның салдарынан  кешқұрым тексеру жүргізетін полиция қызметкерлерінің назарына түседі.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-тармағы бойынша құқық бұзушылықты жасаған А. есімді азаматшаға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында дөңгелек үстел өтті

27/03/2015

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мемлекеттік тілдің қолданылуы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға сот төрағасы Н.Т.Султанов, қорғаушы-адвокат Н.Т. Есенгулов, Ақтөбе облыстық прокуратурасы басқармасының прокуроры Ж. Шадин, судьялар және мамандары қатысты.

Байғанин аудандық сотында Қылмыстық кодексті қолдану барысындағы жиі кездесетін мәселелер деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті

27/03/2015

Қылмыстық теріс қылық – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне жаңадан енгізілген ұғымның бірі. Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдарының арасы заңмен айқын анықталған. Еліміздің қылмыстық заңнамасына енгізілген қылмыстық теріс қылық ұғымын талқылау бүгінгі таңда өзекті мәселелердің қатарында.

Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 10-бабында көзделген. Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылық деп екіге бөлінеді.

Қобда аудандық сотында семинар өткізілді

27/03/2015

Бүгін, 2015 жылдың 29 наурызында Қобда аудандық маслихат депутаттарын  сайлауы тағайындалуына байланысты Қобда аудандық сотында «Сайлау туралы»  тақырыпқа семинар өткізілді.

Іс шараға сот төрағасы А.Т.Анарбаев, судья Ш.Е.Есжанова, кеңсе меңгеруші А.Маденова,  бас мамандар А.Даирова, Г.Абишева, жетекші маман А.Измухамбетова қатысты.

Ойыл аудандық сотының төрағасы дөңгелек үстел жұмысына қатысты

27/03/2015

Ойыл аудандық сотының төрағасы «Салынған әкімшілік айыппұлды толық әрі уақытылы өндіру жолымен мемлекеттік бюджетті толықтыру» мәселесі бойынша дөңгелек үстелге қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысына аудандық прокуратура, сотының төрағасы Н.Бақтығалиев, өкілетті органдар мен аудандық құзырлы мекемелер өкілдерінің қатысуыларымен өткізілді.

Байғанин аудандық сотында баспасөз мәслихаты өтті

27/03/2015

Елімізде қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге үлкен мән берілуде. Байғанин аудандық сотында сот жүйесінің имиджін көтеру, жариялылықты арттыру, заңнамаларды құқықтық насихаттау мақсатында «ҚР Қылмыстық-атқару кодексіндегі ізгілендіру шаралары» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатына сот төрағасы Ж.Б. Қуанышев және Байғанин аудандық «Жем-Сағыз» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Ұ.Қ.Қадірдың қатысуыларымен өткізілді.

Байғанин аудандық сотында Сайлау – құқықтық мемлекетте маңызды механизм тақырыпта семинар өтті

27/03/2015

Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, ал ең жоғарғы құндылықтары деп адам, оның өмірі мен денсаулығы, құқықтары мен бостандықтарын таниды.

Республикамыздың негізгі ұстанған қағидалары деп қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелерді демократиялық тәсілдермен Парламентте немесе республикалық референдумда дауыс беру арқылы шешу туралы айтуға болады.