Сот материалдық шығынды өндіру туралы талапты қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотында талапкер С-тің жауапкер К-ға материалдық шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды. Істің мән-жайына келсек, 2014 жылдың 10 қарашасында сағат 06.40 шамасында Ақтөбе қаласының Атанияз көшесінде, жауапкер К. «Toyota Carina» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, жылдамдықты азайтуға шара қолданбай талапкерге тиесілі ірі қара малмен соқтығысып, малдың өліміне әкелген. Талапкер С. соттан материалдық шығын 200 000 теңге және сот шығындары 10 000 теңгені өндіруді сұрады. Сот үкімі азамат С-тің талабын толық қанағаттандырды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі