Жаңа заңға сәйкестендірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотында азамат Д. деген азаматқа қатысты үкімді қылмыстық атқару инспекциясының жаңа Қазақстан Республикасы ҚК-не сәйкестендіру туралы ұсынысы қаралды. Істің мән-жайына сәйкес, Мұғалжар аудандық сотының 2013 жылдың 13 ақпанында үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 178-бабының 2-бөлігінің «а»-тармағымен азамат Д. түпкілікті 5 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталған. Оның іс-әрекетінде бұрынғы редакциядағы Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 13-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстың қайталануы танылған. Қазіргі қолданыстағы кодекстің 14-бабының 1-бөлігіне сай оның іс-әрекеті қылмыстың қайталануы болып есептелмейді. Сондықтан №1 Мұғалжар аудандық қылмыстық атқару инспекциясы сотқа өтініш келтіріп, азамат Д-ға қатысты үкімді жаңа Қазақстан Республикасының ҚК-не сәйкестендіруді сұраған. Судья, №1 Мұғалжар аудандық қылмыстық атқару инспекциясының ұсынысын қанағаттандырды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі