Сот прокурордың талабын толық қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында Мұғалжар ауданы прокурорының азамат Б-дан сот шығынын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды. Істің мән-жайына келсек, азамат Б-ға 2014 жылдың 13 қыркүйегінде Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 152-бабының 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс жәбірленушімен татуласуына байланысты Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 67-бабының 1-бөлігі негізінде өндірістен қысқартылған. Жәбірленушінің алған жарақаты бойынша тегін медициналық көмегі үшін кеткен 5408 теңге сот шығынын азамат Б. өз еркімен өтемеген. Сот, Мұғалжар ауданы прокурорының талабын толық қанағаттандырды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі