Мектептегі профилактикалық жұмыс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотының бас маманы С.Шаймақовамен Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебінде 9-11 класс оқушыларымен кездесу өткізілді.
Бас маман С.Шаймақова «Нашақорлықтың алдын алу, оған қарсы күрес және есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік» тақырыбында дәріс оқыды.
Ол өз баяндамасында есірткі заттарды қолданудың зияны туралы оқушыларға жеткізіп, есірткі заттардың қол жетімділігі, оларды кедергісіз сатып алу мүмкіндігі – нашақорлық дамуының және есірткіге салынудың басты себептерінің бірі болып табылатындығын, қылмыстардың аса қауіпті түрлерінің бірі болып табылатын нашақорлық халық арасында, әсіресе, жастар арасында кеңінен таралып жатқандығын атап өтті. Нашақорлық пен есірткі бизнесі қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар проблема, мұның өзі азаматтық қоғамға кері әсерін тигізеді, есірткі құмар адамдардың және есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстар саны көбейгені осыған дәлел.
Нашақорлыққа қарсы жалпы күрес, оның алдын алу еліміздегі есірткімен күрес ахуалын тұрақтандыруға ықпал ете алады.
Есірткі заттар адам денсаулығы мен өміріне зиянды әсер ететінін, сондай-ақ есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілік туралы мәселеге оқушылардың назары аударылғандығын айтып өтті.
Кездесу барысында бас маман балаларды қолданыстағы заңнамамен таныстырып, есірткіге байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қарастырылған әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік жөнінде тоқталды.
Дәріс соңында бас маман оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі