Қобда аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотында «Жемқорлыққа қарсы іс шараларды, оның ішінде Нұр Отан партиясы Саяси кеңесінің қаулысымен 2014 жылдың 11 қарашада бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасында көзделген іс шараларды іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталған шараға Қобда аудандық сотының төрағасы А.Т.Анарбаев, судья Ш.Е.Есжанова, аудандық прокурордың орынбасары А.Р.Сағындыков, ішкі істер департамент бастығының орынбасары А.А.Аманжолов, Қобда аудандық әкімнің орынбасары Б.О.Елеусинова, Қобда ауданы бойынша спорт және дене шынықтыру бөлімінің бастығы Р.К.Шабарова, Қобда ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы С.А.Коптлеуов, Қобда ауданы бойынша Әділет басқармасының бастығы А.Т.Досжанова, Қобда аудандық қылмыстық атқару инспекциясының аға инспекторы А.С.Алтыбаев, «Қобда» газетінің редакторы Т.Б.Казиев қатысты.
Дөңгелек үстел кезінде сот төрағасы А.Т.Анарбаев сыбайлас жемқорлық іс-әрекетін тоқтату бойынша алдындағы тапсырмалар мен қоғамның дамуында қойылатын талаптарын атап өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар жаңадан қабылданған ҚР Қылмыстық Кодексі, ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексі, ҚР Азаматтық Кодексі, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі және Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа әдістерінің қажеттілігі туралы пікірлерімен алмасты.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі