дөңгелек үстел

«Соттарда процеске қатысушылар арасында сауалнама жүргізілу» туралы тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді

29/05/2017

2017 жылы 29 мамырда  Мәртөк аудандық сотында «Соттарда процеске қатысушылар арасында сауалнама жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс шараға  сот төрағасы М.Дүйсен, Мәртөк аудандық прокурордың аға көмекшісі С.Тажгулов, қорғаушылар Н.Кульжанов, А.Турмагамбетов және  кеңсе меңгерушісі Д.Бекмухамбетова қатысты.

ҮЕҰ өкілінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

29/05/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге  «Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ-нің өкілі және сот судьялары қатысты.

Баяндамамен судья Ләззат Мырзалықызы Бисенова бөлісті. Баяндама басында, гендерлік саясат ұғымына түсінік беріп өтті, гендерлiк саясат дегеніміз - қоғамның барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.

Пилоттық жоба аясында дөңлекет үстел өткізілді

29/05/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ-нің кәсіби медиаторы  К.Ұ.Каусова, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Батыс Қазақстан аумақтық филиалы кәсіби медиаторы А.Ж.Таласбаева, «Медиаторлардың Ұлттық Палатасы» кәсіби медиаторы С.Ш.Тулькубаева, «Халык-Казахинстрах» АҚ заңгері А.М.Иржанов, «Сәлем» сақтандыру компаниясы заңгері С.Н.Избаев, «Шаруа қожалығын қаржылық қолдау қоры» АҚ өкілі Г.А.Сарсекова және сот судьяларының қатысуымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейі

Жемқорлыққа қарсы әрекет – сот ғимаратына өту режимін сақтау

25/04/2017

Мұғалжар  аудандық  сотында «Жемқорлыққа қарсы әрекет – сот ғимаратына өту режимін сақтау» тақырыбында дөнгелек үстел  өтті.

Шараға аудандық сотының судьялары, аудандық және көлік прокуратурасының өкілдері, мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлері, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатысты.

Мұғалжар аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

14/10/2016

Мұғалжар аудандық сотымен «Медиация –татуласу рәсімі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Ақтөбе облыстық сотының судьясы Б.Ш.Алматова, аудандық  сотының судьялары, жергілікті медиатор, құқық қорғау органдары мен аудандық және жергілікті әкімдік, білім бөлімі және қоғамдық бірлестік өкілдерінің қатысуымен өтізілді.

Мұғалжар аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

28/09/2016

Мұғалжар аудандық сотымен «Дауларды шешудің сотқа дейінгі және соттан тыс институтын енгізу» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Мұғалжар аудандық  сотының судьясы А.Е.Мусина, жергілікті медиаторлар, прокуратура, құқық қорғау органдары мен жергілікті әкімдік, білім бөлімі және медициналық мекеме өкілдерінің қатысуымен өтізілді.

«Атқарушылық жазбалар жасау туралы» тақырыбына дөңгелек үстел

28/09/2016

Елбасының «100 нақты қадам» жоспары бойынша сот жүйесін жаңғырту  үшін, сот тәртібінде қаралатын талаптарды қысқарту және татуластыру рәсімдерді қолдану көрсетілген.  Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» заңнамасының 14-1-тарауы бойынша  атқарушылық жазбаларды жасау  көзделген.

Осыған орай Мәртөк аудандық сотында «Атқарушылық жазбалар жасау туралы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілген.

«Медиацияны сотқа дейін қолдану аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

28/09/2016

Қобда аудандық  сотында   аудандық соттың төрағасы мен кәсіби емес медиатордың, Қобда ауданының нотариаттық палатасы өкілінің, Қобда ауыл округі билерінің және БАҚ өкілінің қатысуларымен «Медиацияны сотқа дейін қолдану аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында төраға А.Т.Анарбаев сот тәжірибесінде медиацияны қолдану туралы, атап айтқанда, дауларды  сотқа дейін медиация тәртібінде реттеудің ерекшеліктері, оны рәсімдеу мәселелері бойынша баяндама жасады.

Дөңгелек үстел өткізілді

02/08/2016

Ырғыз аудандық сотында «Жастар – қоғамның ертеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға Ырғыз ауданы прокурорының міндетін атқарушыҒ.Майкопов, Ырғыз аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы Б.Қартеменов, және үкіметтік емес ұйым - «Жас қыран» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Л.Айтқұлова қатысты.

Беттер