Шалқар аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша хаттамаларды және істің басқа да материалдарын әзірлеудегі негізгі тұстарын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Шалқар аудандық соттың төрағасы О.Бақтыгереев, судьялар А.Маханбетов, С.Дәріқұлова, кеңсе меңгерушісі Т.Қошаева, Шалқар аудандық ішкі істер бөлім бастығының орыбасары Б.Картеменов, учаскелік инспекторлар мен жол-патрульдік полициясының қызметкерлері қатысты.
Іс шаралар өту кезінде қатысушылар Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сай полиция қызметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы дұрыс толтырмау және құжаттарды толық ресімдемеу салдарынан сотта қарау кезінде қиындық туғызатын сұрақтарды талқылады.
Сонымен қатар әкімшілік істерді сотқа тапсыру барысында іс құжаттарында қатысушыларды сотқа шақыру туралы хабарламаны электрондық түрде алу үшін талон берілуі қажет екендігі судьялармен аталып өтті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі