Жәбiрленушi мен әкiмшiлiк құқық бұзушы медиативті келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотымен  құқық бұзушы А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 73-1 бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік  іс құжаттар негізінде,   04 қыркүйек 2017 жылы сағат 21.00 шамасында құқық бұзушы А. Алға ауданында келіні С.-мен арасындағы ұрыс керіс барысында қолынан жұлқып тартқан кезде  жәбірленуші С. жерге құлаған, соның салдарынан сараптаманың қорытындысына сәйкес соңғысына денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірген. Сөйтіп, ол ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот отырысында  құқық бұзушы А. өзінің кінәсін толық мойындап, көрсетілген жағдайды растап, кешірім сұрап жауап берді.  Жәбiрленушi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған А. медиативті келісімге келу жөнінде арызбен жүгінді.      

Сот қаулысымен  А.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1-бөлігімен қозғалаған әкімшілік іс жәбiрленушiмен медиативті келісімге келуіне  байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылып, сот өндірісінен  қысқартылды.

Сот  қаулысы   заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі