Алға аудандық соты

«Smart Сот»: уақыт пен сот шығындарын үнемдеу

13/03/2019
«Truе conf» қосымшасы істердің жедел қаралуына және сотпен кедергісіз байланысуды қамтамасыз етеді, осы қосымша арқылы өзге қаладағы сотқа қатысушылар жолда не іссапарда бола тұра сот процесіне қатысады.  Нәтижесінде, Алға аудандық сотында ағымдағы жылда «Smart сот» пилоттық жобасы аясында барлығы екі азаматтық және екі әкімшілік істер қаралды.

Алға аудандық сотының төрағасымен азаматтарды қабылдау өткізілді

13/03/2019
Азаматтарға заңды көмек көрсету және олардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында Алға аудандық сотының төрағасы Е.С.Мұратқан  кестеге сәйкес, әр сейсенбі күні сағат  08:30-дан 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдауды жүргізеді.

В Алгинском районном историко-краеведческом музее отметили день Музея

18/05/2018

18 мая 2018 года работники районного историко-краеведческого музея отметили день Музея.

На мероприятии участвовал председатель Алгинского районного суда Муратканов И.С., который ранее предоставил для хранения в музее в качестве экспоната судейские мантии, в котором он осуществлял правосудие 2009, 2012  годы.

Председатель суда в честь профессионального праздника поздравил всех работников музея с праздником, пожелал им крепкого здоровья и успехов в работе.

Алға аудандық тарихи-өлкетану мұражайында Мұражай күнін атап өтті

18/05/2018

Аудандық тарихи-өлкетану мұражай ұжымы 18 мамыр 2018 жылы Мұражай күнін атап өтті.

Шараға бұдан бұрын экспонат ретінде сақталуы үшін мұражай қорына 2009, 2012 жылдары сот төрелігін жүзеге асыру кезінде киген мантияларын табыс еткен сот төрағасы Е.С.Мұратқанов қатысты.

Сот төрағасы мұражай қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға зор денсаулық, жұмыста табыс тіледі.

Алға аудандық сотында жеке азаматтарды қабылдау өтті

15/05/2018

Сотта азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, Алға аудандық сотының төрағасы азаматтарды қабылдауды әр сейсенбі күні сағат  08-30-дан 18-00-ге, түскі үзіліспен 12-30-дан 14-00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

15 мамыр 2018 жылы сот төрелігі мен сот жүйесіне халықтың сенімін, сондай-ақ тұрғындарға  құқықтық көмек көрсету мақсатында Алға аудандық сотында азаматтарды кезекті жеке қабылдау болып өтті.

Сот төрағасы Е.С.Мұратқановтың жеке қабылдауында азаматша  А.С. тұрғын үй қатынастары туралы сұрағымен жүгінді.

Алғада татуласу кабинеті өз жұмысын бастады

11/05/2018

Жоғарғы соттың елді жаңғырту үстінде Елбасының «Қазақстан 2050 стратегиясындағы», «Ұлт Жоспары 100 нақты қадам, Рухани жаңғыру» жөніндегі алға қойған тапсырмаларын орындау мақсатында Алға қаласында медиация кабинеті ашылды.

Шараға Алға аудандық сотының судьясы Ж.С.Исаналина және кәсіби медиатор А.З.Жылгелді қатысты.

Электронды сот жүйесін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған шара

25/04/2018

Алға аудандық сотының маманы А.Жумашева электронды сот жүйесі, оның мобильді қосымшаларын түсіндіру мақсатында Бестамақ ауылының орта мектебінде және  Бестамақ ауыл округінің әкімшілігінде дәріс оқыды.

Тарихи-өлкетану мұражайындағы кездесу

20/04/2018

Сот жүйесі қызметкерлерінің жан- күй мәдениетін дамыту мақсатында ғасырдан ғасырға жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа баға жетпес таусылмас қазына болып келе жатқан, халқымыздың өз қолымен жасайтын, ұлттық мәдениет пен өнер туындысы қол өнерді қайта жаңғырту арқылы өркендету бойынша аудандық тарихи-өлкетану мұражайының ұжымы кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге Алға аудандық сотының жетекші маманы А.Жумашева қатысты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыпта семинар өтті

17/04/2018

17 сәуір 2018 жылы Алға аудандық сотының судьялары мен мамандар арасында бүгінгі уақыттың өзекті мәселелерінің бірі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыпта семинар өтті.

Шара  барысында  сот төрағасы  Е.С.Мұратқанов сыбайлас жемқорлық мемлекеттің беделін түсіретіндігін, демократиялық дамуы мен құқықтық мемлекет құру қағидатын бұзатындығы, сонымен қоса оның қызметінің де беделін төмендететіндігін айтып өтті.

Азаматтарды қабылдау

17/04/2018

Сот төрелігі мен сот жүйесіне халықтың сенімін, сондай-ақ тұрғындарға  құқықтық көмек көрсету мақсатында Алға аудандық сотында 17 сәуір  2018 жылы азаматтарды кезекті жеке қабылдау болып өтті.

Сот төрағасының жеке қабылдауында  Алға қаласының тұрғыны У. қарыз ақшасын қайтару туралы сұрағымен жүгінді.

Сот төрағасы тарапынан келушіге қойылған сұрағына қолданыстағы заңнамаға сәйкес толық жауап берілді.

Беттер