Алға аудандық сотының төрағасымен азаматтарды қабылдау өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Азаматтарға заңды көмек көрсету және олардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында Алға аудандық сотының төрағасы Е.С.Мұратқан  кестеге сәйкес, әр сейсенбі күні сағат  08:30-дан 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдауды жүргізеді.
Мәселен, ағымдағы жылдың 12 наурызында тұрғындарға  құқықтық көмек көрсету мақсатында кезекті азаматтарды жеке қабылдауы өтті.
Аудандық сот төрағасының жеке қабылдауына өзін толғандырып жүрген тұрғын үй құқықтық қатынастарына қатысты мәселелерімен қала тұрғыны жүгініп, құзыретті және толық жауаптарын алды. Төраған елімізде жүргізіліп жатқан сот жүйесінің реформаларын, сондай-ақ  дауды сотқа дейін медиация тәртібінде реттеудің артықшылықтарын түсіндірді.
Азаматтарды қабылдау сот жұмысының ашықтығы мен жариялығына бағытталған жолдардың бірі болып табылады. Кез-келген азамат осы күні сотқа келіп, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алуына болады.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі