«Smart Сот»: уақыт пен сот шығындарын үнемдеу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
«Truе conf» қосымшасы істердің жедел қаралуына және сотпен кедергісіз байланысуды қамтамасыз етеді, осы қосымша арқылы өзге қаладағы сотқа қатысушылар жолда не іссапарда бола тұра сот процесіне қатысады.  Нәтижесінде, Алға аудандық сотында ағымдағы жылда «Smart сот» пилоттық жобасы аясында барлығы екі азаматтық және екі әкімшілік істер қаралды.
Мысалы, сотқа қатысушы жұмыс бабымен Атырау облысы Тенгиз ауылында бола тұра, онлайн режимінде сот отырысына қатысып, жеке қатыспай-ақ өз пікірін бейнеконференцбайланыс арқылы білдірді.
Істерді қараған кезде ақпараттық технологияларды қолданудың бірқатар артықшылықтары бар: жоба тараптарға сотқа қатысу үшін кететін уақытын, қаржысын үнемдеп сот процесіне толыққанды қатысуға мүмкіндік береді. Сот отырысының қатысушылары тарапынан электрондық сот ісін жүргізуге қатысты оң баға берілуде.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі