Тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік іс тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк  аудандық соты азамат К.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қарады.

Сотта анықталғандай, азамат К., өз үйінде тұрмыстық ұрыс-керістің барысында  жұбайына былапыт сөйлеп, сыйламаушылық білдіріп, тұрғын үйде тыныштықты бұзған.  

Сот отырысында азамат К., жұбайына былапыт сөйлегені жөнінде өз кінәсін мойындап, өкінді.

Сотта, жұбайы құқық бұзушылықтың мән-жайларын растап, құқық бұзушымен татуласуына байланысты, азамат К.-ға қатысты әкімшілік істі тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен, азамат К.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша тараптардың татуласуына байланысты  іс жүргізу  тоқтатылды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі