Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін қамалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Азаматша Б. 2017 жылғы 4 қазанда Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралатын әкімшілік іске қатысушы ретінде бола тұра, сотқа орта дәрежедегі алкоголді мас күйінде келіп, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653 бабының 1-бөлімінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

ҚР Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы «Қазақстан Республикасының соты туралы заңдылықтарды қолданудың кейбір мәселелері туралы » №1 нормативтік Қаулысының 9 тармағына сәйкес сотта болудың белгіленген ережесін бұзу және сотқа деген менсінбеушілік анық көрінетін кез-келген әрекет сотқа құрметтемеушілік  болып танылады.

Осындай жағдайда, азамат Б-ның әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 653 бабының 1-бөлімімен дұрыс дәрежеленген, себебі ол өз әрекетімен сотқа құрметтемеушілік көрсеткен.

Сот қаулысымен азамат Б.-ға 5 тәулік әкімшілік қамау түріндегі жаза қолданылды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі