Сот шығындары туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында прокурор А.Аязбаеваның,  заңгер Ж.Айтпембетовтың, «Қоғамдық келісім» КММ кәсіби медиаторы К.Каусованың, «Медиаторлардың Ұлттық палатасы» РҚБ орталығы директоры С.Тулькубаеваның, «Халықаралық құқық қорғаушы орталығы» ҚБ Батыс-Қазақстандық аумақтық филиалы кәсіби медиаторы Д.Саликованың  және сот судьяларының қатысуымен «Сот шығындары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Баяндамашы судья А.А.Имантаева, сот шығындары – азаматтық істі қарау және ол бойынша шыққан сот актісін орындауға байланысты туындайтын, іске қатысушы тұлғалар мен мемлекеттің шығындары екендігін атап өтті. Сот шығыстары іс бойынша іс жүргізуге байланысты мемлекеттік баж бен шығындардан тұрады. Сот шығындарын төлеу міндеті істің нәтижесіне мүдделі тараптарға артады.  Мемлекеттiк баж Салық кодексінің 532 – бабына сәйкес, заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн және құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем.

Дөңгелек үстел барысында сот судьялары және шақырылғандар осы мәселеге байланысты туындайтын қиындықтар мен түсініспеушіліктерді талқылады, сонымен қатар оларды шешу бойынша көзқарастарын білдірді.

Ал іс-шараның соңында төрағалық етуші барлық қатысушыларға келгендері үшін алғысын білдірді.

Қайнар: 
Пресс служба Актюбинского областного суда