«Өткізу режимін қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кеңсе меңгерушісі, аға сот приставы және сот приставы, сонымен қатар «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ-нің қызметкерлерінің қатысуымен «Өткізу режимін қамтамасыз ету» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

2018 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің  бірлескен бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан  Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің және оның аумақтық органдарының аумағы мен ғимараттарында өткізу және объектішілік режимін қамтамасыз ету жөніндегі қағида» бекітілді.

Семинарлық сабақ барысында аға сот приставы И.Игисенов қатысушыларды өткізу режимінің жалпы тәртібімен таныстырды, оның ішінде келушілер, процеске қатысушылар, ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген адамдарға қатысты өткізу режимін ұйымдастыруға ерекше тоқталып кетті. Жаңашылдықтарға сәйкес, сот процесіне қатысушылар жазатын құрылғыларды, есептегіш техниканы, мобильдік құрылғыларды көпшілік кіретін бөлігіне кіргузіге рұқсат етіледі.

Іс-шара қатысушыларымен аталмыш тақырып аясында сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауаптар қайтарылды. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға өткізу режимінің ережелерін қатаң сақтау ұсынылды.

Іс-шараның соңында төрағалық етуші белсенді  қатысқандары үшін барлығына алғысын білдірді.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі