Сот татуласу келісімін бекітіп, талап қоюшыға 300 мың теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын қайтарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде татуласу рәсімдерін қолдану арқылы  іс бойынша іс жүргізуді аяқтау, баламалы тәсіл ретінде қарастырылған.

Осылайша, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты заңды тұлғалар арасындағы сома өндіру туралы дауды қарап, тараптар арасында татуласу келісімін бекітті.

Татуласу келісімін бекіту нәтижесінде жауапкердің талап қоюшы алдындағы берешегі 12 155 870 (он екі миллион жүз елу бес мың сегіз жүз жетпіс) теңгені құрады. Сонымен қатар, келісімге сәйкес жауапкер жоғарыда аталған берешекті толық көлемде мойындап, оны 2018 жылғы 1 маусымға дейін өтеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, талап қоюшыға 364 676 (үш жүз алпыс төрт мың алты жүз жетпіс алты) теңге  көлеміндегі мемлекеттік баж сомасы қайтарылды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі