Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасының аясында Ә.Молдағұлова атындағы музейге барды.

Бір жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты контурлары белгіленген бағдарламалық мақаламен сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының Президенті ертерек экономикалық, технологиялық, саяси жаңғыру туралы айтқан еді. Енді рухани мәдиниетті жаңғыртатын уақыт келіп жетті. Біз әрбір халықтың дамуы  үшін маңызды рухани біріктірулер туралы ұмытпауымыз қажет, сонымен қатар қалыптасқан дәстүрлер мен байлықтарды сақтай отырып негізгі бағыттарды дамытуымыз  қажет. Осы мақсатта сот ұжымымен Әлия музейіне бару ұйымдастырылды. Мерген қыз барлығы үшін ерлік пен батырлықтың үлгісі болып табылады.  

Іс-шара барысында төрағалық етуші барлығын аталмыш жобаға үлкен азаматтық жауапкершілікпен қарауға шақырды, сонымен қатар, Қазақстан халқының гүлденуі мен  өркендеуі үшін іске асырылып жатқан Елбасымыздың бастамасының сәттілігіне сенетіндігін атап өтті. Кездесу соңында сот судьялары  музей ұжымына өткізілген  эскурсия үшін алғысын білдірді.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі