Сома өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «К» ЖШС-гі «Т» ЖШС-нен  1 708 657 теңге берешек сомасын өндіру туралы талабымен жүгінді.

Іс материалдары сәйкес, «К» ЖШС, «Т» ЖШС және «Т» ҚМК арасында талап ету құқығын беру шарты жасалған. Шартқа сай «Т» ҚМК береді, ал «Т» ЖШС-гі «К» ЖШС-гі алдындағы 1 658 890 теңге көлеміндегі қарызын алады.  Осы шарт бойынша «Т» ЖШС-гі қарызын 90 күнтізбелік күн ішінде жабуы тиіс болды. Алайда, қарыз сол күйінде жабылмады. Осыған байланысты талап қоюшы 1 685 890 теңге көлемінде жеткізілген тауар үшін қарыз сомасын және 49 766 теңге мемлекеттік баж сомасын өндіруді сұраған.

Тараптардан келесі шарттар бойынша медиативтік келісім түсті: дауды реттеу кезінде 760 053 (жеті жүз алпыс мың елу үш) теңге көлемінде қарыздың бөлігі төленген. Жауапкер «Т» ЖШС-гі талапты мойындайды және 898 837 (сегіз жүз тоқсан сегіз мың сегіз жүз отыз жеті) теңге көлеміндегі қарыздың қалған бөлігін төлеуге міндеттенеді.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

49 766 (қырық тоғыз мың жеті жүз алпыс алты) теңге көлемінде мемлекеттік баж сомасы қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі