«Мемлекеттік сатып алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  «Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ, «Ақтөбе қаласы білім басқармасы» ММ және сот судьяларының қатысуымен «Мемлекеттік сатып алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Баяндамашы судья Л.М.Бисенова мемлекеттік сатып алуға байланысты азаматтық істер Ақтөбе облысының МАЭ сотымен қаралып барлық жатқан істер арасында үлкен үлесті құрайтындығын атады. Мемлекеттік сатып алу бойынша көбінесе тауар, жұмыс және қызметтерді жеткізушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы; жеткізушіні таңдау рәсімі кезінде сатып алуды ұйымдастырушының қабылдаған шешімін даулау туралы; мемлекеттік сатып алу шартын жарамсыз деп тану туралы; мемлекеттік сатып алу шартын өзгерту, бұзу туралы; мемлекеттік сатып алу бойынша берешекті, тұрақсыздықты өндіру туралы даулар туындайды.

Дөңгелек үстел барысында сот судьялары және шақырылған қатысушылар осы мәселеге байланысты туындайтын қиындықтар мен түсініспеушіліктерді талқылады, сонымен қатар оларды шешу бойынша көзқарастарын білдірді.

Іс-шараның соңында төрағалық етуші барлық қатысушыларға келгендері үшін алғысын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі