Сот жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Х» ММ-нің дара кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және  тұрақсыздықты өндіру туралы  талап арызын қарады.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылғы 05 шілдеде тараптар арасында №271 мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасалған,оның талаптары сәйкес жауапкер 20 күнтізбелік күн ішінде «К» ҚММ-нің ағымдағы жарық жөндеуін жасауға міндеттенген. Сонымен қатар, тараптар арасында 2017 жылғы 05 шілдеде «Т» ҚММ-нің ағымдағы жарық жөндеуін жасауға №272 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған.

Жауапкермен жасалынған шарттар бойынша міндеттемелер орындалмағаны сотпен анықталды.

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабы 4-тармағы 3- тармақшасына  сай, жауапкердің мемлекеттік сатып алу шарты бойынша өз міндеттерін орындамағанын ескеріп, сот талап қоюшының жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талабын қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі