Шалқар аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізіліп, сот төрағасы м.а С.Дәріқұлова тұрғындардың түрлі даулар мен әлеуметтік мәселелер бойынша сауалдарына жауап берді.

Мысалы, азамат А. сот қаулысымен жылжымаймын мүлкіне тоқтам салынған  мүлкін  босату тәртібі туралы  сауалдарын қойды.

Қойылған сауалдарға сот төрағасы міндетін атқарушы  заң тұрғысынан тұжырымды жауаптар беріп, құқықтық көмек көрсету шеңберінде  тиісті ұсынымдарды айтты.

«Ашық есік күні»  халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті, азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру мақсатында өткізілді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі