Отбасының шырқын бұзушы қамалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы 2-бөлігімен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) Б.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат Б.А. бұрын соттың 09.06.2017 ж. қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жазаға тартылса да, кейін бір жыл ішінде қайталап, арақ ішкен мас күйінде үйінің ішінде азаматтық некедегі әйеліне сыйламаушылық көрсетіп, лас сөздермен балағаттап, қорлап тиісіп, кемсітіп, үйінің тыныштығын бұзып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Сот отырысында жәбірленуші Н.Т. құқық бұзушы Б.А.-ға кешірім бермейтінін, күйеуі үнемі алкогольдік ішімдіктерді ішетіндігін, оған заң талаптарына сәйкес жаза тағайындауды сұрады.

Соттың қаулысымен, құқық бұзушы Б.А. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 73-бабының 2-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

   Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі