Мәдениет қайраткерімен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында мәдениет қайраткері К.Жанабергеновамен   кездесу өткізілді.

Кездесуде Шалқар аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы С.Дәріқұлова  Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін түсіндірді. 

Сот төрағасы м.а С.Дәріқұлова өскелең ұрпақтың рухани-мәдени білімін арттыру мақсатында кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, билерді, қазақ зиялыларын, мәдениет және өнер қайраткерлерін еске алу кештерін өткізу, мұрағаттар, музеймен және кітапханалармен байланыс жасауды, сонымен қатар, тарихи-танымдық байқаулар жоспарланып соттармен  өткізу көзделгенін  айтып өтті.

Сонымен қатар сот төрағасы міндетін атқарушы С.Дәріқұлова мәдениет қайраткері К.Жанабергенованы  тарихи тұлғалардың соның ішінде, алаш орда қайраткерлер, билер, ақын-жазушылар есімдерін жаңғырту, ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында әкімшілік-географиялық нысандарды белгілеп, олардың есімдерімен атауға ат салысуға шақырды.

Кездесу соңында,  К.Жанабергенова сот ұжымына  кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, кездесудің маңыздылығына тоқталып Елбасының мақаласындағы тапсырмаларды орындауда ат салысатынын айтып өтті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі