Қылмыстық іс медиативтік келісімімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотында Қылмыстық кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен  Н.-ге қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарымен анықталғандай, Н. өзінің бұзылған «ВАЗ 21213 Нива» маркалы автокөлігіне құрал жабдықтар алатын ақшасы болмай, бөтеннің мүлкін жасырын  жымқыру арқылы пайда табу ойы туындап, яғни «Кендала» шаруашылық  қожалығынан әр қайсы 10 000 теңге тұратын 6 бас қозы малын ұстап алып, автокөлігіне тиеп салып, оқиға болған жерден кетіп қалады. Н. қылмыс жасау нәтижесінде жәбірленуші А.-ға 60 000 теңге көлемінде мүліктік зиян келтірген. Сөйтіп Н. бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, яғни ҚР ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігінде көзделген қылмысты жасаған.                   Сот отырысы барысында жәбірленуші А.-ың сотталушы Н.-мен татуласқандарын, келтірген зиянның есесін толығымен толтырғандығына байланысты, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатып, істі медиация тәртібімен тоқтату туралы өтініші түсті.                            

Соттың қаулысына сәйкес, сотталушы Н. Қазақстан Республикасының ҚК-нің ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) жасалған қылмыстық іс ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен  қысқартылды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.  

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі